Я, РАББЫМ!
Я, РАББЫМ!

                                                                                           

 

 

 

                                                                                          Я, РАББЫМ! 

Өзің де хақ! Сөзің де хақ! Сенімен кездесу де хақ! Жәннат та хақ! Тозақ та хақ! Пайғамбарлар да хақ! Қиямет күні де хақ! О Аллаһым, Өзіңе мойынұсындық! Саған иман келтірдік, тәуекел еттік, Өзіңе қайттық, Сенің жолыңда тартыстық, Сенің үкіміңе жүгіндік! Біздің бұрынғыларымызды да, кейінгілерімізді де кешіре көр! Ілгерілетуші де,кейіндетуші де Өзің! Расында Сен барлық нәрсеге құдіреттісің! Йа, Аллаһым! Өзің тура жолға салған кісілердің қатарынан бізді де тура жолға сала көр! Өзің есендік берген кісілердің қатарында бізге де есендік бере көр! Өзіңе жақын тұтқандардың қатарында бізді де жақын тұта көр! Бергеніңді бізге берекелі ете көр! Бізді Өзіңнің Мейіріміңмен Жаманшылықтардан сақтап, одан бойымызды аулақ ете көр! Расында Сен үкім етесің, Саған ешкім үкім ете алмайды! Шынында Сен Өзіңе дос тұтқан пендең қор болмайды. Ал, Сен Өзіңе жау тұтқан кісі қадірлі болмайды. Йа, Раббымыз! Сен Жоғары әрі Ұлысың! Сен шығарған үкіміңе мақтау-мадақтар болсын! Сенің берген нығметіңе сансыз шүкірлер болсын! Барлық үлкенді-кішілі күнәларымыздан Өзіңнен жарылқау тілеп, Саған тәубе етеміз! Ей, Аллаһым! Расында біз Жарылқауыңа мұқтажбыз, Мейіріміңе мұқтажбыз! Бізді әрбір ізгі амалдарда олжалы ете көр, әрбір күнәлі істерден бізді аман сақтай көр! Бізді Жәннаттыңмен игілікті етіп, тозақтан сақтай гөр! Йә, Ардақтылық пен сый иесі! Йа, Аллаһым, расында біз Өзіңе ғана тән есімдермен дұға етіп, тілек тілейміз! Өзің жіберген кітаптың үкімімен сұрап жалбарынамыз немесе Өзің ілім берген пенделеріңнің көрсетуімен, немесе Өзіңен басқаға құпия есімдеріңмен Саған мінәжат етеміз! Бізге Құранды жүрегіміздің көктемі, кеудеміздің нұры, әрі қайғымыз бен уайымымызды кетіруші ете көр! Йа, Аллаһым! Біздің ұмытылған Құранымызды Өзің жадымызға сала көр! Құраннан білмеген жерімізді Өзің білдіре көр! Оны бізге Өзіңді риза ететін жолмен ертелі-кеш оқуды нәсіп ете көр! Ей, Жалбарынған дауысты естуші, өлгеннен кейін сүйектерге ет кигізуші! Йа, Аллаһым! Сенің барлығың мен бірлігің үшін, Пайғамбарыңның хақтығы үшін жанын пида етіп бақилық болған барша мұсылмандардың күналарын кешіре көр! Йа, Аллаһым! Оларды жарылқа! Оларға рақым ете көр! Оларға Жәннаттағы өмірін несібелі ете көр! Олардың кірер жерін кең ете көр, әрі оларды су, қар, бұршақпен жу. Әппақ киім кірден тазарғандай, оларды да қате-кемшіліктерінен тазалай көр! Йа, Аллаһым! Бізді топырақ пен тастың арасында бастырылып жалғыз қалғанымызда Өзіңнің рахметің мен мейіріміңе алғайсың! Ей, Мейірімділердің Мейірімдісі! Йа, Аллаһым! Бізді қабірлерімізде жалғызсырата көрме! Бізді қияметтің қорқынышты күнінен сақтағайсын! Йа, күнәларды Кешіруші Ұлы Аллаһ! Пенделеріңнің, барша мұсылмандардың дұғаларын қабыл ете көр! Әмин!!!

 

дерек көзі: vk.com

Жомарт ТұрапбекЖомарт Тұрапбек
5 жыл бұрын 4886
1 пікір
Блог туралы